Есеп беру жиналысы
Ерекше
дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 2017-2018 оқу жылына арналған есеп беру жиналысы
болып өтті
Ағымдағы жылдың 4 ақпаны күні Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын»мектеп-интернаты жылдық есебі тыңдалды.Есеп беру жиналысына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бастығының орынбасары Ж. Бекбатырова, ата-аналар, қамқоршылық кеңес, педагогтар, мектеп-интернат қызметкерлері қатысты.Есеп беру жиналысында 2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие бағытында атқарылған жұмыстар туралы толық мәлімет берді. Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтар аясында атқарылып жатқан мектепішілік жобаларға тоқталды. НЗМ іс-тәжірибесін енгізу және таратумақсатында 2013-2014 оқу жылынан бастап «Uly dalag’ibraty»,«Tari’hy teren’-Tarazym» ,«Тау тұлға», «Біз теңбіз»,«Патриоттық ән айту»,«Readingtime», «Үлкен үзіліс» флешмобжобасы, қазіргі таңда оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымы Дарын Республикасыныңұйымдастыруыменоқушылардың қызығушылықтарына қарай «Checker»шашка ойнау, «Mellifluous» гитарада ойнау, «Дарын cinema» кино көрсету, «let's say» караокеде ән айту, «Dance battle»,«Wikipedia» жобалары жүргізіліп жатқандығын,оқудан тыс кездері түрлі бағытта білім және дағдыларын дамыту үшін «Юный турист», «IQ game»,«Біліміңді басқамен бөліс»,«Час поэзии» тілдік клубтар, «Englih is fun!» клубтары мен «Daryn FM», «Жас журналист» жобалары және ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Біз біргеміз, берік іргеміз» жобасы жүргізілетіндігін,алдағы уақытта «Бір күн ата-ана жұмысында» жобасын, «ТЕD- х talks», «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын, жатақханада қыздарға тоқыма өнерін үйрету мақсатында «Шебер қолдар» клубын құруды жоспарлап жатқандығын атап өтті. Қатысушылар тарапынан ата-аналар, педагогтар ұсыныстары мен пікірлерін айтты, алдағы атқарылатын жұмыстарды белгіледі. Жиналысты білім басқармасы бастығының орынбасары Ж.Бекбатырова қортындылады.