03
ноябрь
2026
«Өзіне зиян келтіру – сөзбен айтылмайтын жанайқай» тақырыбында педагогтерге тренинг ұйымдастырылды.
«Өзіне зиян келтіру – сөзбен айтылмайтын жанайқай» тақырыбында педагогтерге тренинг ұйымдастырылды.Мақсаты: Педагогтердің оқушының психологиялық жай-күйін түсіну, өзіне зиян келтіру әрекеттерінің ықтимал белгілерін дер кезінде байқау, оқушыға қолдау көрсету және қауіпсіз көмекке бағыттау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Жасөспірімдердің эмоционалдық және психологиялық ерекшеліктерін түсіндіру.
Өзіне зиян келтіру мінез-құлқының себептері мен белгілерін таныстыру.
Оқушының ішкі жан дүниесіндегі күйзелісті байқауға үйрету.
Қиын жағдайдағы оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын меңгерту.
Педагогтердің алдын алу және қолдау көрсету құзыреттілігін арттыру.
Қатысушылар: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтер.
Жүргізген: мектеп психологі Мүсірепбекова А Қ