«Қазақ тілі сабақтарында оқылым стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбында облыс мұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өткізілді » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі сабақтарында оқылым стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбында облыс мұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өткізілді
28
октябрь
2020

«Қазақ тілі сабақтарында оқылым стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбында облыс мұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өткізілді

28 қазан күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім  басқармасының оқу –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Күзгі мектеп» жобасы аясында дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбаева Айжан Шакировна «Қазақ тілі сабақтарында оқылым стратегияларын тиімді қолдану» тақырыбында облыс мұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты -   қазақ тілі сабақтарында оқу мақсатына сай оқылым стратегияларын таңдап, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау жолдарымен таныстыру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, өз іс-тәжірибесімен бөлісу. Вебинар барысында Айжан Шакировна тілдік дағдылардың ішіндегі оқылым дағдысының ерекшеліктеріне, оқылымның түрлеріне, стратегияларына, оқылым кезеңінің үш кезеңіне, оқылым дағдысына байланысты оқу мақсаттары бағдарламада  қалай қарастырылғанына тоқталып, мәтіндерге   салыстырмалы талдау жасау  жолдарымен таныстырды. Сондай –ақ оқылым дағдысын жетілдірудегі тиімді әдістерді талдай отырып, өзінің іс-тәжірибесінде осындай әдістерді қалай қолданатынына тоқталды. Вебинар соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, құнды ақпараттар алғанын, оқу мақсатына сай мәтіндік талдау жасауда таптырмас мәлімет болғанын айта отырып, осындай вебинарлар өз жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.