«Күзгі мектеп» жобасы аясында «Топтық, жұптық жұмыстардың оқушы белсенділігін арттырудағы ролі» тақырыбында облыс ммұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өтті » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күзгі мектеп» жобасы аясында «Топтық, жұптық жұмыстардың оқушы белсенділігін арттырудағы ролі» тақырыбында облыс ммұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өтті
22
октябрь
2020

«Күзгі мектеп» жобасы аясында «Топтық, жұптық жұмыстардың оқушы белсенділігін арттырудағы ролі» тақырыбында облыс ммұғалімдеріне арналған онлайн-вебинар өтті

    Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтжанова Гулафрез Бақытқызы 22 қазан күні «Күзгі мектеп» жобасы аясында «Топтық, жұптық жұмыстардың оқушы белсенділігін арттырудағы ролі» тақырыбында облыс ммұғалімдеріне арналған онлайн-вебинарда өз тәжірибесімен бөлісті. 

Гулафрез Бақытқызы топтық, жұптық жұмыстардың тиімділігі мен маңыздылығы, ұйымдастырарда ескерілетін мәселелер, қашықтықтан оқыту кезінде ұйымдастыру жолдары сынды мәселелерді қарастырып,  әр мәселеге жеке тоқтала отырып, өткен сабақтарынан мысалдар келтіре отырып, тәжірибесімен бөлісті. Сабақта интербелсенді әдістердің түрі мен маңызын, топтық, жұптық жұмыстардың оқушы белсенділігін арттырудағы маңызы мен мақсатын сөз етті. Қазіргі таңда қашықтықтан оқып жатқандықтан, «Zoom» платформасында топтық, жұптық жұмыстарды жүзеге асыруға болатын жаңалығымен бөлісті. Әрине мұғалімнің қандай қиын кезеңде де мақсаты – оқушының белсенділігін арттыру. С.Гулафрез сондай-ақ сабақтағы топтық, жұптық жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артатынын, топта, жұпта өз көзқарасын дәлелдеуге үйренетінін, біреудің пікірін тыңдауға дағдыланатынын, көптігіне қарамай, оқушылардың барлығының сабаққа қатысуына негіз болатынын, ұйымшылдық қасиеті артатынын айтып қорытындылады. Вебинарға қатысқан мұғалімдер құнды мәліметтер алғанын өздерінің кері байланыс беру кезінде айтты