«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында жалпы жиналыс өтті » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында жалпы жиналыс өтті
20
август
2020

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында жалпы жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында  7-11 сынып ата-аналарына коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында  жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету мақсатында  «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа  ата-аналар толық қамтылды.  Сынып жетекшілер жиналысты  «Zoom» платформасы   арқылы 7-11 сыныптар бойынша жеке жүргізілді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы аясында  қаралып, өзара талқыланды. Жиалыс соңында  қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған  электронды жаднама таратылды.