«Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағатының тұжырымдамасы аясындағы сынып сағаты
Ағымдағы жылдың 21 тамызы күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында 7-11 сынып оқушыларына, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында, жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету мақсатында, «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарын сынып жетекшілер Zoom платформасы арқылы қашықтан жүргізді. Сынып сағаты барысында бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағатының тұжырымдамасындағы күн тәртібіндегі мәселелер - жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу, мен және менің денсаулығым, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, интернетте жұмыс істеу ережелері толық қаралып, талқыланды.
«Дарын» мектеп-интернатының оқушылары жаңа оқу жылында қашықтан оқуға дайын, қынжылтатыны мектеп пен ұстаздарын сағынып қалған екен.

