07
февраль
2020
7-10 сынып оқушыларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Сағым» толық метражды көркем фильм көрсетілді.
2020 жылдың 4 ақпаны күні, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында 7-10 сынып оқушыларына (200 оқушы) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Сағым» толық метражды көркем фильм көрсетілді. «Сағым» фильмінің режиссері, облыстық қазақ драма театрының актері Елжан Жармұхамедов. Фильмде ислам дінінің атын жамылып, бейбіт өмірді құрдымға жіберуге әрекет еткен бөгде ниеттегі топтың іс-әрекеттері шынайы бейнеленеді. «Бұл көркем фильм еліміздегі жас жеткіншек өскелең ұрпаққа дұрыс жол таңдауға мүмкіндік береді.