24
ноябрь
2026
КИБЕРМӘДЕНИЕТ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ
КИБЕРМӘДЕНИЕТ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ
2026 жылдың 24 қараша күні «Дарын» лицей-интернатында Кибермәдениет айы аясында 7–10 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Тараз қаласы ПБ Әулиеата АПБ ҚҚБ КТІЖ ЮПТ-ның ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Заурбеков Азамат Мәлікұлы қатысып, оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг және бопсалаудың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз құқықтарын білу және кез келген қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар 7-11 сыныптарда әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, алаяқтық, дербес деректерді қорғау тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.