«Құқық бұзушылықтың алдын алу, тыйым салынған заттар, буллинг, кибербуллинг және түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің алдын алу» » Лицей-интернат "Дарын"
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алу, тыйым салынған заттар, буллинг, кибербуллинг және түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің алдын алу»
12
октябрь
2026

«Құқық бұзушылықтың алдын алу, тыйым салынған заттар, буллинг, кибербуллинг және түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің алдын алу»

Кездесу барысында полиция қызметкерлері білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, тыйым салынған заттар және оларды  алып жүру және пайдаланудың құқықтық салдары туралы түсіндірді. Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, құрдастар арасындағы өзара сыйластықты сақтау, интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне қатысты заң талаптары түсіндіріліп, белгіленген тәртіпті сақтаудың маңыздылығы айтылды. Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылыққа жол бермеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және кез келген келеңсіз жағдайға тап болған кезде тиісті орындарға хабарлау жөнінде кеңестер берілді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.