07
февраль
2020
«Абайлаңыз, коронавирус!» тақырыбында кезектен тыс жиналыс өтті.
2020 жылдың 5 ақпаны күні «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларына (323 оқушы) «Абайлаңыз, коронавирус!» тақырыбында кезектен тыс жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп дәрігері Б.Мырзагулова оқушыларға коронавирус инфекциясының белгілері, әсері, алдын алу шаралары туралы мағлұмат берді. Оқушылар коронавирус туралы жиналыста алған ақпаратты жатақханада «Коронавирус дегеніміз не? және оның алдын алу» тақырыбында жат жазу арқылы толықтырды. Мектептің оқу бөлімінде «Дарын» дайджестке коронавирус инфекциясы туралы ақпараттандыру парақшалары ілінді.