Birgemiz: ТҮЛЕК- 2020 » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июнь
2020

Birgemiz: ТҮЛЕК- 2020

Ағымдағы жылдың   3-4 маусымы күндері  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында  «Birgemiz: ТҮЛЕК -2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы  білім беру ұйымдарында   Еріктілер жылына арналған  мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің тұжырымдамасына  сәйкес, барлық санитарлық нормаларды  сақтай отырып, шектеулі контингентпен  мектеп бітіруші түлектерге арналған қорытынды  мектеп бітіру  салтанатты саптық жиналысы  өтті. Мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара   4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күнімен тұспа-тұс келді. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы», - деген еді Елбасы мемлекеттік рәміздерге қатысты сөйлеген сөзінде.  Осы сөзді  жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстаған түлектер  іс-шараның  ашылу салтанатында  енгізілген мемлекеттік туға қарап түзеліп, іштей толқып, алтын ұя мектебімен де қоштасып тұрды. Түлектерге сөз кезегі берілгенде «Туған елім» әні шырқалды. Тұжырымдамада көрсетілгендей жиын барысында алдымен мектеп бітіруші түлектерге жалпы орта білім беру туралы аттестат тапсырылды және мектептің «Алтын белгі» төс белгісі иегерлері мен үздік аттестат иегерлері, сонымен қатар халықаралық, республикалық деңгейде жүлделі орын    жеңімпаздарына соңғы қоңырау соғу салтанаты тапсырылды. Іс-шара кезеңімен мектеп директоры, мектептің үздік және ардагер ұстаздары, 11-сынып жетекшілері, ата-аналар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, балалық шақпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқан күндерімен шын жүректен құттықтады. Іс-шара соңында түлектер «Ағаш отырғызу» акциясы аясында қылқан жапырақты ағаш түрлерінен көшет отырғызды. Аталған маңызды іс-шара түлектің өмір бойына мәңгілік  естелік болып қалатынына кәміл сенеміз. Болашаққа аттаған әр қадамдарың, сапарларың сәтті болсын, жас түлек!! Жолдарың  болсын! Іс-шара аяқталған соң жиынға қатысушылар үйлеріне тарады.