10фк сыныбында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында онлайн тәрбие сағаты өткізілді.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен дейміз.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осы мерекеге орай дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп – интернатында 10 физикалық қазақ сыныбы оқушылары Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында онлайн тәрбие сағатын өткізді.