«Парасатты отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Парасатты отбасы» байқауы өз мәресіне жетті.
06
ноябрь
2020

«Парасатты отбасы» байқауы өз мәресіне жетті.

    2020 жылдың 5 қарашасы күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі   Жамбыл облысы  бойынша «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық офисінің ұйымдастыруымен  отбасы құндылықтарын насихаттау  мақсатында онлайн  форматта өткен   «Парасатты отбасы»  байқауы  өз   мәресіне жетті. Облыс бойынша байқауға қатысқан оқушылар  арасында   суырылып  шыққан  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының  оқушылары Ким Валерия мен Қабылбаева Лола отбасыларымен   «Саяхатшы отбасы» және «Көп тілді отбасы» номинациясын жеңіп алып, дипломмен және плазмалық  теледидармен  марапатталды. Отбасы құндылықтарын насихаттау барысында  оқушылардың мәртебесін көтеру мақсатында,  халыққа адал қызмет етіп жүрген абзал  азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ,  - дейді   байқауға қатысушы ата-аналар. Бізде  мектеп ұжымы  атынан алғысымызды білдіре отырып, істеріңізге тек сәттілік тілейміз!