Іс-шара » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2023

Іс-шара

      2023 жылдың 25 –ші қараша күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған   «Дарын» лицей-интернатында  «Даналық мектебі» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы  ұлттық құндылықтарға, балалар  әл-ауқатының теориялық негіздеріне сүйене отырып және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  баланың қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның  толыққанды дамуы  үшін  позитивті  ата-ана   мәдениетін дамыту, ата-ана мен мектептің  арасындағы   тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 10-11 сынып ата-аналарына  «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу... Тұлға – адамгершілікқұндылықтар негізіндегі  өзін-өзі   дамыту» тақырыбында сұхбат алаңы , «Сен жанбасаң лапылдап... Балаға өз қалауын табуға қалай көмектесеміз»   іскерлік ойын7-9 сынып ата-аналарына «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары» тренинг жаттығу, «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңның жүрегіне кілт табу» тақырыбында   полилог алаңы өтті.  Ата-аналарды оқыту процесінде  ең алдымен тыңдаушылардың белсенді қатысуы,  олардың мінез-құлқын ынталандыратын әдістер мен тәсілдерге   баса назар аударылды.  Презентация,  үлестірме матеиалдары  дайындалды. Оқу  барысында өмірден алынған мысалдар кеңінен қолданылды, қатысушылардың пікірімен, іс-тәжірибесімен бөлісті. Қорытынды (рефлексия) бөлімінде пайдалы ұсыныстар берілді, алдағы оқыту мазмұны  таныстырылды.