02
ноябрь
2023
“Сыни ойлау арқылы өмірлік дағдыларды қалыптастыру” тақырыбында жас мамандарға арналған полилог алаңында іс-шара өткізілді.
02.11.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Үздік педагог: Дүйсебаев Б. “Сыни ойлау арқылы өмірлік дағдыларды қалыптастыру” тақырыбында жас мамандарға арналған полилог алаңында іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Жас мамандарға таным қабілеттерін әдіс- тәсілдер және өз мүмкіндіктерін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптасуына көмек беру. Іс -шарада сыни ойлауға – жақты түсінік бере отырып, білім мазмұнын игеруге, өзіндік шығармашылығы мен әрекетін дамытып, жеке тұлғалық болмысын қалыптастыруға және сыни ойлау көмегімен теориялық негіздерін іс – тәжірибеге енгізе отырып, білімі мен біліктілігін жан – жақты жетілдіруге бағыт-бағдар берілді. Бүгінгі жаһандану дәуірінде оқушылардың өмірлік дағдыларды сыни тұрғыда меңгеруі заман талабына айналып отыр. Өйткені әлемдік зерттеулер бойынша сыни ойлау қабілеті адам үшін қажетті дағдылардың үштігіне еніп отыр. Полилог алаңында жас мамандармен жан-жақты талданды.
