
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің шығармашылығын дамыту үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Педагогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің
өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады.

Осыған орай, бүгін «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған „Дарын“ мектеп-интернатында» «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттелігін дамыту» тақырыбында семинар практикум өткізілді.

Облыстық директорлар кеңесінің мүшелері, гимназия, мектеп-гимназия, лицей директорлары қатысқан шараның ашылу салтанатына басқарма басшысы Бейқұт Тлебалдыұлы қатысып, сөз сөйледі.

Семинарға қатысқан 50 мектеп директорлары білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамытудағы «Дарын» мектеп- интернатының іс тәжірибесімен; «Мұражайдағы жанды сабақ», «Өлкетану» жобасын тиімді жүзеге асыру тәсілдерімен танысты.

Жалпы білім беру мазмұнын жаңарту арқылы педагогтердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру заман талабы. Осындай семинарлардан кейін, оқытушылардың да мерейі үстем болып, әр педагог «мінсіз оқушы» бейнесін жасау арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығарары сөзсіз.

