Бос және уақытша бос орындарға конкурс өтті » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос және уақытша бос орындарға конкурс өтті
13
ноябрь
2024

Бос және уақытша бос орындарға конкурс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты»КММ

080000, Тараз қаласы, Сатпаев көшесі №27, тел: 42-72-31daryntaraz@mail.kz

Тараз қаласы                                                                                                                                        13.11.2024ж

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының физика пәнінен бос орынға қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы

Хаттама №1

Қатысқандар: комиссия төрағасы және комиссия мүшелері, кандидаттар.

Күн тәртібінде:

1. Комиссия мүшелерін бұйрықпен таныстыру.

2.Кандидаттардың құжаттарымен танысу

Тыңдалды:

Комиссия төрағасы С.Сейдазимов сөз алып, комиссия мүшелері  Кандидттарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3- тарауы 1 параграфына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау  лауазымнан босату тәртібі туралы»  түсінік берді.Бос лауазымдық орынға  конкурс лицей сайтында , enbek.kz  сайтында жарияланды.Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау №57 бұйрықтың 107 тармағында көрсетілген құжаттарды өткізу қажеттілігі және көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды Кандидатқа қайтару үшін негіз болатындығы айтылды.

«Дарын» лицей-интернатына директордың IT технология ісі жөніндегі орынбасары орнына 3 кандидат   құжат тапсырды. Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі туралы қағиданың 107 тармақшасында көсетілген  тізбесіне сәйкес құжаттар  қабылданды. 

Кандидаттар:

1. Досыбаев Жандос Ильясұлы

2. Кадырова Светлана Сабитовна

3. Жанабай Рауан Есенұлы


Осы аталған Кандидаттардың сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлметтердің болуы мен болмауы туралы құқықтық статистика  және арнайы есепке алу жөніндегі  уәкілетті органға, сондай-ақ, педагогикалық әдептің бұзылуы туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету   комитетіне сұраныс жіберілді.

Кокурстық комиссия үміткерлердің бағалау қорытындысына сәйкес 

ШЕШТІ:

Төмендегі тізімдегі үміткерлер «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты» КММ-нің директордың IT технология ісі жөніндегі орынбасары орнына құжаттары қаралды:

Комиссия шешімі:     

  1. Досыбаев Жандос Ильясұлы – жалпы жинаған ұпайы 20, құжаттары мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының ережесіне, конкурстық хабарламада берілген талаптарына сәйкес келді. 
  2. Кадырова Светлана Сабитовна – жалпы жинаған ұпайы 33, құжаттары мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының ережесіне, конкурстық хабарламада берілген талаптарына сәйкес келмеді. 
  3. Жанабай Рауан Есенұлы – жалпы жинаған ұпайы 19.5, құжаттары мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының ережесіне, конкурстық хабарламада берілген талаптарына сәйкес келмеді.


Хаттаманың шешімімен танысып қол қоюшылар

Комиссия мүшелері:

  1. С.Сейдазимов  комиссия төрағасы
  2. Г.Д.Капалбекова  – директордың бейінді білім беру ісі жөніндегі орынбасары
  3. А.Ш.Аманбаева – кәсіподақ ұйымының төрайымы


Комиссия хатшысы:   Бекмұратова А.М.