ХАБАРЛАМА!!! "ДАРЫН" ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАМА!!! "ДАРЫН" ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
18
август
2025

ХАБАРЛАМА!!! "ДАРЫН" ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Хабарлама!!!
"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ДАРЫН» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ» КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
БОС ОРЫНДАР:
📌Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және "Дарын" лицей- интернаттың ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
📌Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
1. Математика пәнінің мұғалімї -1 жүктеме -16 сағат, тұрақты бос (орыс тілді),
2. Тарих пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме - 16 сағат, уақытша бос (қазақ тілді),
2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме -16 сағат, тұрақты бос  (қазақ, орыс тілді),
3. АӘДТ пәнінің мұғалімі - 1 жүктеме -16 сағат,  уақытша бос (қазақ, орыс тілді),
4. Тәрбиеші - 3 бірлік: 1 бірлік тұрақты бос орынға және 2 бірлік уақытша бос орынға.


Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты» КММ.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығының 31 тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті берушілер құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
117тармағы бойынша Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.08-26.08.02.2025ж аралығында.

119 тармағына сәйкес Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.



Конкурс өткізу күні:04.08.2025жыл сағ 10:00.

Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Сатпаев көшесі №27 үй.
Анықтама, байланыс номері: 42-72-31.
Электрондық пошта: daryntaraz@mail.kz.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 113 тармағына сәйкес:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

2.Педагогтың уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер жұмысқа қайта шыққан уақытқа дейін.

3.Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Сатпаев көшесі №27 мекен-жайында орналасқан «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" санатының болуы. Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды Лауазымдық міндеттері: оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады; Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды. Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады. Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады.

4.Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Сатпаев көшесі №27 мекен-жайында орналасқан «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының» қабылдау бөлімінде қабылданады