15
октябрь
2026
🌿 ҚАРИЯСЫ БАР ҮЙДІҢ — ҚАЗЫНАСЫ БАР 🌿
📅 15.10.2026 жылы «Дарын» лицей-интернатында «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» тақырыбында 7-сынып оқушыларының аталарымен тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге оқушылардың аталары:
Досымбеков Төребек Тілеубекұлы,
Байтелиев Рахманқұл Тұрсынқұлұлы,Биғабылов Сатылған Әбдірамбайұлы қатысты.
✨ Кездесудің басты мақсаты — жас ұрпаққа үлкенді құрметтеудің, ата-баба дәстүрін дәріптеудің, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің маңызын ұғындыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
💬 Ақсақалдарымыз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі әңгімелері арқылы оқушыларға үлкеннің батасын алудың, ата-ананы құрметтеудің, адамгершілік пен адалдықты ту етіп ұстаудың мәнін жеткізді.
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген халық даналығының терең мағынасы осындай кездесулерде айқын көрініс табады. Қарияларымыздың әрбір ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өмірлік өнеге, ал батасы — ұрпаққа аманат.
🙏 Тағылымды кездесуге қатысып, өнегелі ойларымен бөліскен ардақты аталарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ғұмырларыңызға береке тілейміз!
Үлкенді сыйлау — ұрпаққа үлгі, қарияны құрметтеу — ұлттық құндылық! 💐