02.10-13.10.2023ж.аралығында “Тіл бірлестігінің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен жасақталған #1 фокус тобы жұмыс жасады. » Школа-интернат Дарын
Жамбыл облысы
Білім басқармасының
"Дарын" мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-2)-42-72-31
Есепші бөлімі:
+7(726-2)-42-72-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 02.10-13.10.2023ж.аралығында “Тіл бірлестігінің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен жасақталған #1 фокус тобы жұмыс жасады.
13
октябрь
2023

02.10-13.10.2023ж.аралығында “Тіл бірлестігінің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен жасақталған #1 фокус тобы жұмыс жасады.

02.10-13.10.2023ж.аралығында “Тіл бірлестігінің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен жасақталған #1 фокус тобы жұмыс жасады. Топ құрамы бес адамнан жасақталды. Олар: Аманбаева А.Ш.– топ модераторы, Дүйсенбаев Б.Р., Сейтжанова Г.Б., Кубенова А.Т., Бекбатырова С.Б. Зерттеу сұрағы ретінде «Көркем шығармалардағы құндылықтарды оқушылар қалай  түсінеді?» деген сұрақ алынды. Мақсаты: Көркем шығармалардағы құндылықтарды оқушылар қалай  түсінетінін анықтау, құндылықтарды дұрыс ажырата білуге баулу. Зерттеу мерзімі: 1-кезең - 02.10-13.10.23ж.  (ашық цикл)
      «Оқушылардың бойында құндылықты қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» деген сұрақтар айналасында топ мүшелері арасында талқылау жасалынған. 02.10-13.10.23ж. аралығында өткізілетін сабақтардың тақырыбы мен оқу мақсаттары қарастырылып, фокус топ мүшелерінің арасында талқыланған.
      Сабақ барысында «Бағыттаушы сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Екі сөйлем”, «Шығармашылық ізденіс», «Төрт сөйлем», «Алтын балық», «Пайдалы үш нәрсе»  және т.б. әдістер қолданылды. Таңдалған әдістер оқу мақсатына қол жеткізу үшін жұмыс жасады. 
Бағыттаушы сұрақтарды қолдану тиімді жүргізілді. Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың жұмыс жасауы үшін қолайлы орта қалыптастырылды.
        Сабақ бойынша қорытынды: Зерттеу сұрағына қатысты мәселе сабақта қамтылды. Құндылықтардың маңыздылығы туралы оқушылар ұғынды. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқу мақсатына жетуге мүмкіндік берді. Оқушылардың бойында сабаққа деген қызығушылық артқанын, жұмыс жасау қабілеті жоғарылағанын сабақтағы әрекеттерінен байқадық. Оқушылар осы уақытқа дейін құндылықты көбінесе бағалы зат деп есептеп келсе, сабақты зерттеу тізбегінің нәтижесінде құндылықтың түрлерін және көркем шығармадағы кейіпкер бойындағы құндылықтарды анықтауға, оларға қатысты өз бағасын беруге дағдыландыру бойынша жұмыстар жасалды.
     Қорытындылай келе, LS зерттеу сабағының біз үшін тиімді болған тұстары:
• мұғалімдер арасында кәсіби диалогті қалыптастырып, дамытуға ықпал етті;
• ұжымдық мәдениетті қалыптастырды;
• мұғалімдердің назарын оқушылардың білімқажеттіліктеріне аударды;
• бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектесті;
• мұғалімдер кәсіби педагогикалық біліміндамытты;
• мұғалімдердің сабақты бақылау және керібайланыс беру дағдыларын қалыптастырды;
• оқушының оқуының жақсаруына әсер етті.   
       Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарынбірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруге, білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға оң ықпал етті. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.